Түркияда 2020 жылдан бастап қонақүйлер қымбаттайды
Түркия туристер үшін жағымсыз жаңалықты хабарлады.
Түркия Қаржы министрлігі 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап елдегі барлық қонақүйлерге, пәтерлерге, кемпингтерге салық енгізеді, деп хабарлайды 24.kz.
Олардың иелері алдымен 2020 жылдың аяғына дейін ұсынылатын қызметтердің жалпы құнынан 1%, содан кейін 2% және одан да көп шығындарды есептеуі керек. Бұл жағдайда салық тек бір тәуліктің бағасынан ғана емес, сонымен қатар тамақтанудан, бассейннен және SPA қызметінен, конференциялардан, ойын-сауық қызметінен де есептеледі.
Бұл туралы "Вестник АТОР" хабарлады.
Сарапшылардың пікірінше, көптеген түрік қонақүйлері 2020 жылға арналған келісімшарт бағаларын әлдеқашан жариялап қойды, ал туроператорлар оларды "Ерте броньдау" акциясы бойынша сата бастады.
Туризм саласы мамандарының пікірінше, 2020 жылы түрік қонақ үйлерінде тұру құны 5-15 пайызға артады.