Қытай 2020 жылы әлемге 220 млрд маска экспорттап жіберді
ҚХР-дің коммерция жөніндегі министрінің орынбасары Цянь Кэмин өткен 2020 жылы Қытайдың 200-ден астам ел мен өңірге 220 млрд-тан астам дана қорғаныс бетпердесін экспорттағанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның сөзінше, өткен жылы маскамен бірге экспортқа 2,3 млрд қорғаныс костюмі мен тест өткізуге арналған 1 млрд реактивтер жинағы жөнелтілген екен.
Шенеуніктің сөзінше, "Қытай өзінің індетке қарсы құралдар жеткізу бойынша әлемдегі ең ірі мемлекет ретіндегі басымдығын дамытып келеді".
2020 жылы Қытай экономикасы 2,3% пайызға өсті. ҚХР экономикасы коронавирус пандемиясы жайлаған кезеңде әлемдік ірі экономикалардың ішінде өсім көрсеткен жалғыз экономика делінеді. Мәселен, 2020 жылы АҚШ экономикасы 3,5%-ға құлдыраған. Ресейдің Ішкі жалпы өнімі өткен жылда 4%-ға қысқарды.