Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: экология департаменті 9 айды қорытындылады

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 02:13 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Облыс аумағындағы экологиялық өзекті мәселелерінің бірі жер қойнауын заңсыз пайдалану болып отыр.

Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында экология департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 81 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60 – жеке тұлғалардан, 21 - заңды тұлғалардан. Қазіргі таңда 7 өтініш қарауда. Жалпы 74 өтінішке жауап жолданған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркістан облысы бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөліміне «Е-лицензиялау» порталы арқылы 2019 жылдың 9 айында мемлекеттік экологиялық сараптамаға 121 құжат келіп түскен. Оның ішінде, 10 құжат қаралып, 67 құжат келісілген, 22 құжат кері қайтарылып, 15 құжат алдын ала сараптамаға жіберілген, ал 15 құжат кері қайтарылып алынған, жобалық материалдардың қарауда қалған - 2 құжат.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 02:13

- 2019 жылдың 9 айында ластаушы заттар шығарындылары және төгінділерінің көлемі 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысына және Шымкент қаласына бөлінуіне байланысты азайып отыр. ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын сақталуын қадағалау мақсатында 2019 жылдың 9 айында жалпы 100 тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: жоспардан тыс – 7 тексеру (бұл арыз-шағымдар бойынша); бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізу тізіміне сәйкес – 26 тексеру жүргізілді, - деді Имангелді Қансейітұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 02:13

Облыс аумағындағы экологиялық өзекті мәселелерінің бірі жер қойнауын заңсыз пайдалану болып отыр. Аудандық, қалалық полиция бөлімінің жеке және заңды тұлғаларға қатысты хаттары негізінде облыс аумағында заңсыз жер қойнауын (өзен жағалауынан) пайдаланушыларға ҚР ӘҚБтК-і талаптарына сәйкес, 2 1 6 250 теңге айыппұл салынды және 57 қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері есептелініп, 30 83 207 теңгеге нұсқама жолданған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 02:13, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 02:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: