Жаңалықтар тізбегі
0

Монакодағы компания басшысы Қазақстан шенеуніктеріне пара бергенін айтты

images.unian.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 16:07 images.unian.net
Сот 2020 жылдың сәуірінде өтеді.

Монакода орналасқан делдал-компанияның бұрынғы басшысы Сирус Ахсани мен операциялар жөніндегі директор Саман Ахсани Қазақстандағы шенеуніктерге пара бергенін мойындады, деп хабарлайды Neonomad.kz АҚШ әділет министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ агенттігінің хабарлауынша, Иранннан шыққан Ұлыбритания азаматтары, 51 жастағы Сирус Ахсани мен оның 46 жастағы інісі Саман наурыз айында кінәсін мойындады. Олардың соты 2020 жылдың 20 сәуірінде өтеді.

Сириус пен Саман Ахсани бірнеше елде шенеуніктерге миллиондаған доллар пара беруге бағытталған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 16:07

https://www.stuff.co.nz

Олар өзге де компаниялар және жеке тұлғалармен келісе отырып, 1999-2016 жылдар аралығында Алжир, Ангола, Әзірбайжан, Конго Демократиялық Республикасы, Иран, Ирак, Қазақстан, Ливия және Сирия үкіметінің шенеуніктеріне пара берген.

Прокуратураның мәліметінше, Unaoil компаниясының атқарушы директоры болған Сирус Ахсани мен бұрынғы бас операциялық басқарушы Саман Ахсани осы тергеуге кедергі жасау мақсатында көп дәлелдердің көзін жойған.

Unaoil компаниясы 2016 жылғы "Панама ісінен" бері белгілі болып отыр. Ол Таяу Шығыста, Африка мен Азияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар үшін делдал рөлін атқанған. Олар батыстық компаниялардың жемқорлық деңгейі жоғары елдерде бизнес ашудан қорқатынын пайдаланып, өз клиенттеріне үкіметтік келісімшарттарды алып беру үшін шенеуніктерге пара берген.

Ағайындылар бұл айыптауларды жоққа шығарғанмен, Unaoil компаниясының ішкі электронды хат-хабарлары компанияның өз қызметтері үшін миллиондаған долларлық комиссия алғанын және ақшаны жемқорлық схемасына бағыттағанын растады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: