MMA төріне 212 келілік дәу шығып, қарсыласын бір ұрып құлатты
видеодан кадр
Мұндайлар төбелес мәселесін 20 секундта шешеді екен.
Ресейден шыққан салмағы 212 келілік дәудің өзі Денис Вильданов аралас жекпе-жектегі алғашқы төбелесін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 жастағы Вильдановқа қарсылас болып тағы бір дебютант, бұрын MMA-де төбелесіп көрмеген 29 жастағы Арнольд Величко шықты, оның салмағы да оңай емес: 146 келіні бірақ тартады.
Көпшілік күткен алыптар айқасы ұзаққа созылмады. Вильданов бұл төбелестің мәселесін 20 секундта шешті. Джебі сәтті өткен соң қарсыласын тордың шетіне қысып, тағы бірнеше рет төбесінен төмпештеп тастады.
12 секунд қалғанда: қазақ баласы атақты қарсыласын нокаутқа түсірді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript