Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл ауданынан бір үйір жылқыны айдап кеткен ұры ұсталды

argymaq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 21:47 argymaq.kz
Алматы облысында тәртіп сақшылары биыл 565 мал ұрлығын әшкерелеген.

Жамбыл ауданының полицейлері арнайы шара барысында жылқы ұрлады деген күдікке ілінген 47 жастағы Талғар ауданының тұрғынын ұстады. Бұлтартпас айғақтар көмегімен күдікті азамат маусым айында Жамбыл ауданындағы Ақтерек ауылының маңындағы жайылымнан бір үйір жылқыны айдап кеткенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында Ақтерек ауылынан 8 жылқының ұрланғаны белгілі болды. Күдікті ұсталып, оның үйінен ұрланған 4 жылқы табылып, иелеріне қайтарылды. 4 жылқының сатылып кеткені белгілі болды. Малы жоғалған ауыл тұрғындары аудандық полиция бөлімшесіне арызданбағанын және қолды болған жылқыларын өздері іздеп таба алмағанын атап өту қажет", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Ескелді ауданының полицейлері Ақын Сара ауылындағы шаруақожалықтың қорасынан 6 жылқыны үптеп кетті деген айып тағылған Іле ауданының 53 жастағы тұрғынын қамаққа алды. Күдікті 1 жылқыны сойып сатқан. Қалғанын бұрынғы танысына сатқан. Ұрланған бес жылқы сатып алушылардан тәркіленіп, мал иесіне кері қайтарылған.

Бұған дейін, біз облыстық полицейлердің ұрланған 32 бас ірі қараны Қаратал ауданының тұрғынына қайтарғанын хабарлағанбыз. Мал иелерінің бес күн малды өз күштерімен іздеуі ұрылардың із суытып үлгеруіне және іздеу жұмыстарының ұзаққа созылуына әкеп соғатынын айтқанбыз.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары биыл 565 мал ұрлығын әшкерелеген. Зардап шегушілерге 80 миллион теңгеге жуық материалдық шығын өндірілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: