Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 80 бас жылқыны "қыр асырған" барымташылар тобы ұсталды

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 19:13 pxhere.com
Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 43 жылқыны тауып, иелеріне қайтарып берді.

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Мал ұрлығы" республикалық алдын алу іс-шарасы барысында екі тәулік ішінде мал ұрлығының 39 дерегін әшкереледі. Оның 30 дерегі бұған дейін жасалған қылмыс болса, оның ішінде он үш мал ұрлығы "бұрынғы жылдар" санатына жатады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

"Республикалық іс-шара 14-16 мамырға жоспарланған. Екі күн ішінде облыста 9 мал ұрлығы тіркеліп, 17 бас мал қолды болған. Полицейлердің жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстардың барлығы ізі суымай ашылып, барлық мал өз иелеріне қайтарылды. Айта кетейік, бұған дейін орын алған қылмыстарды ашу кезінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Кербұлақ аудандарының полицейлері жоғары нәтиже көрсетті", - деп хабарлайды полиция өкілдері.

Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында мал ұрлығын кәсіп қылған кәнігі ұрылардың 34 тобын құрықтаған. Олардың 96 қылмысқа қатысы бары анықталып, айып тағылды.

"Бірнеше күн бұрын 4 адамнан құралған барымташылар тобы ұсталды. Олар былтырғы қыркүйектен бері 80 бас жылқыны қолды қылғаны анықталды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 43 жылқыны тауып, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, ұрланған малды сатып алушылар мен сату орындары да әшкере болды. Полицейлер ұрылармен қатар, сатып алушыларды да жауапкершілікке тартуға мүдделі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: