БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар тобы ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
БҚО криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына тиесілі бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар тобын ұстады.
Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсанында күдіктілер Батыс Қазақстан облысының ауданында жайылымда жүрген 44 жылқыны ұрлап, оларды көршілес ауданға, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жеріне айдап әкеткен.
Барлық ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Келтірілген залал 17,6 миллион теңгені құрады. Ұсталғандардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Топ құрамында облыс орталығы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары болған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ осы топтың басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript