"Жолаушылар тасымалы" АҚ қайтарылған билеттерден пайда көріп келген

zen.yandex.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 23:52 zen.yandex.ru
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың жол жүру билеттерін қайтару кезінде жіберген заңбұзушылықтары дәлелденіп, оларға 865 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәсекелестікті дамыту және қорғау комитеті Facebook-тегі парақшасында "Жолаушылар тасымалы" АҚ-қа қатысты тергеп-тексеру нәтижелерін" жариялады.

"Монополияға қарсы органмен "Жолаушылар тасымалы" АҚ іс-әрекеттерінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде 1000 теңгені ұстап қалу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2019 жылғы 15 қазандағы қаулысымен "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың заң бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 865 млн теңге көлемінде айыппұл салды" делінген желідегі хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: