Жаңалықтар тізбегі
0

Экс-министрдің туған ағасына қатысты сот үкімі шықты

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 21:40 time.kz
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Тараз қалалық соты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы - Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Тимуржан Нұрымбетов 44 миллион теңгеден астам мөлшерде пара алды, алаяқтық жасады, қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа мүлікті заңдастырды және қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталды. Оның қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 54 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Бұл іс бойынша басқарманың бұрынғы қызметкерлері Нұрзипа Романова Аида Өтеулина (алаяқтық жасады, пара алуда делдалдық қызмет атқару), "Asyl-Tirek" мүгедектер қоғамдық ұйымының жетекшісі және облыстық әкімдіктің мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің басшысы Ғалымжан Сарымсақов (алаяқтық жасады, пара алуда делдалдық қызмет атқарды, пара бермек болды деген күдікпен), "Қамқор күш" мүгедектер қоғамының төрағасы Қанат Мұстафа (пара беру) айыпталды.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Т.Нурымбетовты 12 жылға бас бостандығынан айыру, Н.Романованы 8 жыл бас бостандығынан айыру, Ғ.Сарымсақовты 9 жылға бас бостандығынан айыру, А.Өтеулинаны 7 жылға бас бостандығынан айыру, Қ.Мұстафаны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал, адвокаттар сотталушылардың іс-әрекетін ауыр емес баптар бойынша қайта квалификациялауды және қоғамнан оқшауланумен байланысты емес жазалар қолдануды сұрады.

Кінәні ішінара мойындау жеңілдететін мән-жай деп, ал төтенше жағдай кезінде қылмыстар жасау ауырлататын мән-жай деп танылды.

Сот үкімімен Н.Нұрымбетов мүлкін тәркілеу және мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Т.Нұрымбетов ақшаны заңдастыру бойынша қылмыс құрамында болған жоқ деп ақталды.

Н.Романова мен Ғ.Сарымсақов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдар атқара алмайды. Олардың қылмыстық жолмен алған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленді.

А. Өтеулина 5 жылға, Қ.Мұстафа 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдар атқара алмайды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: