Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда ішкі істер органдарының ардагерлері Ұлан сарбаздарымен кездесті

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 22:30 Алматы облыстық ПД
Шара мақсаты – жас жауынгерлердің патриоттық сезімін шыңдау, Отанымызға адал қызмет ету.

Талдықорған қаласындағы Ұлттық Ұлан гвардиясының базасында "Ұлы дала ұландары" семинары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери бөлімінің жеке құрамы алдында баяндама жасаған Алматы облысы Ішкі істер және ішкі әскерлер ардагерлер кеңесінің мүшесі Болат Молдабеков "Бейбіт күннің батырлары" тақырыбын кеңінен ашып көрсетті. Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұхамбет Ерасылов пен әскери бөлімшенің командирі Төлеби Чубаев жастармен кездесуде белсенді қатысып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Шара мақсаты – жас жауынгерлердің патриоттық сезімін шыңдау, Отанымызға адал қызмет ету.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деген. Бейбіт күнде батыр атану үшін үлкен ерлікке бару міндет емес, тек адамгершілік пен антқа адалдық болса жететіні түсіндірілді. Ол туралы айтқан І. Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Бақытбай Арман өз оқиғасын айтты. Ол биыл 6 наурызда екі бүлдіршінді өрттен құтқарған.

- Үйге қайтар жолда ауладағы көпқабатты үйдің 2-қабатынан көмек сұраған бала дауысын естідім. Екінші қабатқа газ жүретін трубамен көтеріліп өрт болып жатқан жерден екі кішкентай қызды алып шықтым, - деді жас батыр.

Кеш соңында Қырғыз елінде өткен Халықаралық Түркі мемлекеттік елдердің арасында эстрада жанры бойынша еліміздің намысын қорғап, 2-орын жүлдегері Даурен Берікболов кездесуге қатысушыларға әннен шашу шашып, ерекше көңіл күй сыйлады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 22:30

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: