Балалар полицейлерге челлендж арнады
Оқушылар карантин жағдайында ерекше онлайн флешмоб ұйымдастырған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар тәртіп сақшыларының формасында өздерінің жол сілтеушілеріне алғыстарын білдіріп, бастарын иеді. Бейнежазбадағы балалар қарапайы сынып оқушылары емес, құқық қорғау бағытындағы кадет сыныптарының тәрбиеленушілері екенін атап өткен жөн.
Бейнероликке берілген жазбада, ең алдымен, балалар әлемдік індетке айналған тажалмен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп, ел игілігі үшін тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге шексіз ризашылықтарын жеткізген.
Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаментінің жеке құрамы өскелең ұрпақтың ыстық ықыласын қабылдап, алғыстарын айтты. Тәртіп сақшылары аталған ролик жылылық сыйлайтынын және одан әрі де ел үшін еңбек етуге күш-жігер беретінін жеткізді.
Эстафетаны Талдықорған қаласының 6-кадет сыныбы бастап, өздерінің құрбыластарына жолдады.