Жаңалықтар тізбегі
0

Сағадиев енгізіп кеткен "Күнделік" жыры қиын болып жатыр

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 22:47 pixabay.com
Интернет жоқ болса, "Күнделікке" кірмей-ақ қоюға болады – БҒМ.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Күнделік" электронды журналын қандай жағдайда пайдаланбай-ақ қоюға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Әркімде интернет әртүрлі. Мектептеріміздің 69%-ында жақсы интернет бар. Бірақ кей мектепте ішкі желі жоқ, содан интернет жылдамдығы төмендейді. Бұл да бір мәселе. Тағы бір мәселе – интернетсіз 93 мектеп бар. Интернетке қатысты мәселелер "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының аясында шешілетінін айттым. Біз бұл туралы әкімдікпен жұмыс істеп жатырмыз. Бұрын да айтқанымыздай, егер интернет болмаса, онда "Күнделік" электронды журналын қолданбай-ақ қоюға болады, - деді Каринова.

Сондай-ақ, ол мұғалімдердің бүгінде Күнделікке қойылған қате бағаны түзету мүмкін емес деген шағымдарына жауап берді.

- Иә, келісеміз, мұғалімдер бағаны өзгерте алмайды, өйткені электронды журнал мұғалімнің сыныптағы барлық бағаларын жазып алады. Олар өзгермеуі керек. Біріншіден, бұл бағалаудың өзі сабақ барысында берілуі керек. Менің ойымша, мұнымен бәрі келіседі. Сабақ барысында, жиынтық бағалау жұмысы кезінде, тоқсанның жиынтық жұмысы кезінде. Мұғалім тексеріп, алдымен бақылау жұмыстарының өзіне баға қояды, сосын оны журналға енгізеді. Одан кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Бірақ егер баға қате енгізілсе, әрине, нұсқаулық хатқа сәйкес, нақты дәлелдер болса өзгертулер енгізілуі мүмкін. Ал баға қойып, сосын оны жөн-жосықсыз бас салып өзгертуге болмайды, - деп түсіндірді вице-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: