Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге стипендия тағайындалды

-, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 00:47 -
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ ұйымының басшылығы тағайындалған шәкіртақы жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, оқу жылы барысында түрлі қажеттіліктерін алуға септігін тигізеді деген сенімде.

Түркістан жоғары медицина колледжінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге атаулы стипендия тағайындалды. Оқу орнын үздік оқитын екі жас оқу жылында өз стипендияларынан бөлек 16 мың теңгеден шәкіртақы алып отырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шара елімізде жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр. Дәл осындай шәкіртақы Жетісай жоғары медицина колледжіндегі студенттерге де тағайындалып отыр. Қомақты қаражатты бөліп отырған Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен"Densaulyq" Денсаулық сақтау ұйымы жұмыскерлерлінің жергілікті кәсіподағы жастарға жыл сайын қолдау көрсетуді қолға алмақ. Мәселен, өткен оқу жылында көпбалалы отбасыдан шыққан төрт студентке осындай шәкіртақы бөлініп келген болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 00:47

Айта кетейік, арнаулы стипендия алуға іліккен студент Еркеғали Жақсылық аталған колледждің 3 курсында "емдеу ісі" бөлімінде оқиды. Ал, екінші студент Жандос Бақыт "медбике ісі" бөлімінде 3 курста білім алуда. Екі студент те оқу орнында үздік оқып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ, түрлі олимпиадаларға, білім бәсекелерінде үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ ұйымының басшылығы тағайындалған шәкіртақы жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, оқу жылы барысында түрлі қажеттіліктерін алуға септігін тигізеді деген сенімде.

Еске салайық, Түркістан жоғары медициналық колледжінде бүгінгі таңда көпбалалы отбасыдан шыққан 1150 бала, тұл жетім 8 студент оқиды. Мемлекеттік грант негізінде білім алатын жастар 20-22 мың теңге көлемінде стипендия алады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 00:47

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: