Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 01:25 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сондай – ақ аймақ басшысы "Түркістан – 2050" даму стратегиясы аясында жоспарлы түрде жұмыс жүргізудің маңыздылығын айтты.

Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Серікбай Ибадуллаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, маслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 01:25

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту, Түркістан облысы Түркістан қаласының Бас жоспары, Түркістан облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды. Сессияда қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 01:25

- Бюджет тұрақтылығын нығайту қажет. Негізгі мақсатымыз – кіріс бөлігін толықтыру көзін табу. Түркістан облысының бюджетін барлық облыстармен тең санаған дұрыс емес. Себебі, Түркістан облысы жаңадан құрылып жатыр. Осыған түсіністікпен қарағанға алғысымды білдіремін. Қазір таңда өздеріңіз білесіздер, облыс та, Түркістан қаласы да алып құрылыс алаңына айналған. Биылдың өзінде қаладағы 11 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға береміз деп отырмыз, – деді облыс әкімі Ө.Шөкеев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 01:25

Сондай – ақ аймақ басшысы "Түркістан – 2050" даму стратегиясы аясында жоспарлы түрде жұмыс жүргізудің маңыздылығын айтты. Өңірдің әлеуметтік нысандарын дамытып, газ, ауызсу, жарық және жылумен қамту, өңірді көгалдандыру секілді сан алуан саланы қамтитын кезек күттірмейтінін маңызды мәселер жайлы нақтылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2019 01:25

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: