Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мәслихатының кезектен тыс VI сессиясы өтті

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 20:24 видеодан кадр
Мәслихат сессиясының талқылауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Жетінші сайланым Алматы қаласы мәслихатының алтыншы сессиясы "Zoom" бейнеконференцбайланыс сервисінің платформасында онлайн көрсетіліммен өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының әкімдігі мәслихаттың алтыншы сессиясына келесі шешімдерді шығарды: "Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы". Аталмыш ережелер қала тұрғындарының заманауи қажеттіліктеріне сәйкес келетін сапалы қалалық ортаны дамытуда кешенді тәсілді қалыптастыруға жауап береді. Биіктік регламентіне сәйкес рұқсат етілетін қабаттар санын ескере отырып, аумақтарды, ғимараттарды, құрылыстарды ұтымды пайдалану, оларды күтіп-ұстайтын стандарттар мен талаптарды қолдана отырып, ондағы ерекше сәулет, қала құрылысы және құрылыстарды реттеу аймақтары белгіленетін болады. Ондағы қаланың бүкіл аумағы, жүйелі және тұрақты дамыту процесін сәулет және қала құрылысы құралдарымен қамтамасыз ете отырып, даму тарихымен, мәдени және табиғи ерекшеліктерімен ескеріліп сақталатын болады.

Мәслихаттың сессиясында "Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы" жобаға кіріс бөлігін 73,1 млрд теңгеге ұлғайту есебінен қаланың жергілікті бюджетіне нақтылаулар енгізілді. Қаражат сегіз мектептің, жедел жәрдем пункттерінің құрылысына және емханалар аумағында компьютерлік томографияның модульдік ғимараттарын сатып алуға бағытталатын болады. Құрылыс жобаларына сондай-ақ су құбырлары, кәріз, газ бен жылу желілері, қала аудандары бойынша электрмен жабдықтау және басқа да инфрақұрылымдық объектілер кірді.

Осылайша, қаражат сомасы қаланың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Олардың арасында негізгі баптары білім беруге, денсаулық сақтау, әлеуметтік әл-ауқат, спорт пен мәдениетке, сондай-ақ іскерлік белсенділікке тиесілі. Бұдан басқа, шығындарға көлік инфрақұрылымы, абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік кірді.

Сондай-ақ, сессияның қарауына Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы мәселе шығарылды. Бекітілген тұрғын үй сертификаттарын беру ережелеріне сәйкес Алматы қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған топтары санатына өтеусіз және қайтарымсыз негізде 1 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек түрінде сертификаттар беру жоспарлануда.

Атап айтқанда, 1 және 2 топтағы мүгедектерге; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға; 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалары, "Батыр Ана" атағы және I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы отбасылар мен аналарға ұсынылады.

Қала әкімдігінің кейбір құрылымдық бөлімшелерінде және қаланың діни бірлестіктерінде кадрлық өзгерістерге байланысты, бұрын қабылданған және қолданыста болған "Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган – Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы" шешім жобасына өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, сессияда консультативтік-кеңесші органның – Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңартылған дербес құрамы ұсынылды.

Наурызбай ауданы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық пен республикалық ономастикалық комиссиялардың қорытындылары негізінде Алматы қаласының әкімдігі Наурызбай ауданындағы жеті көшеге ат беру туралы қаулы жобасын шығарды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының мәслихаты Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін енгізуді ұсынды.

Мәслихат сессиясының талқылауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: