Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы шараларына қатысады

Мәжілістің баспасөз қызметі Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс спикері Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен және Парламент төрағасы Арарат Мирзоянмен кездеседі.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 4-5 қарашада Ереванда өтетін ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі шараларына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс спикерінің бағдарламасында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен, сондай-ақ, Парламент төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесу жоспарланған.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің, ҰҚШҰ ПА пленарлық отырыстарына қатыспақ.

ҰҚШҰ ПА қатысушы – парламентшілер күзгі сессия аясында ұжымдық бейбітсүйгіш күштерді қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, ұжымдық гуманитарлық көмек көрсету басқа да өзекті сұрақтар бойынша ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз