Жаңалықтар тізбегі
0

Тіркеусіз сим-карта сатқан ірі сауда желілеріне айыппұл салынды

regnum.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 19:58 regnum.ru
"Заңсыз" сим-карталар нарығын жою жұмыстары әлі де жалғасады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті абонентке тіркеусіз сим-картаны таратқан ұялы операторлардың кейбір дилерлеріне қатысты тексеруді аяқтады. Нәтижесінде, 4 электроника дүкеніне айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспардан тыс тексерулер Министрліктің Телекоммуникациялар комитетіне қазақстандықтардан келіп түскен шағымдар негізінде жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде сим-карталардың операторға немесе дилерге алдын ала тіркеліп таратылғаны анықталды. Сондай-ақ, азаматтарға сим-карталарды өз атына тіркеу ұсынылмаған.

Телекоммуникациялар комитеті елімізде 42 млн. сим-карта сатылғанын анықтады. Егер оларды ел халқының жалпы санына бөлсе, әрқайсысына 2-3 абоненттік нөмірден келеді. Бірақ, іс жүзінде бәрі басқаша.

"Жақында іске қосылған арнайы сервис арқылы азаматтар бірнеше мың нөмірдің иесі екенін анықтауда. Әрине, бұл азаматтар сол нөмірлер арқылы кімнің, қайда және не үшін қоңырау шалғанынан хабарсыз. Сол себепті, байланыс операторына хабарласып, белгісіз нөмірлерді бұғаттайды. Ал, бұғатталған сим-картаны пайдаланушылар байланыссыз қалады. Сондықтан да біз қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін осындай тексерулер жүргізу қажет деп есептейміз", - деді Комитет төрағасы Виталий Ярошенко.

Сонымен қатар, министрлік өкілі бұл мәселеде азаматтардың да жауапкершілік танытуы маңызды екенін атап өтті.

"Абоненттік нөмірді сатып алған кезде азаматтар шарт жасауды талап етуі, өз мүдделерін қорғауы тиіс. Өйткені дилерлер көбінесе өз әрекеттерінің заңсыз екенін біледі және азаматтардың аңғалдығын пайдаланады. Сондықтан, сим-картаны сатып алу барысында тіркеуді ұсынбаса өзіңіз талап етіңіз", - дейді Ярошенко.

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы "заңсыз" сим-карталар нарығын жою жөніндегі жұмыстардың жалғасатынын айтты.

2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталғанын естеріңізге салып өтеміз. Қазіргі уақытта барлық ұялы телефондар SIM-карта иелерінің ЖСН-на тіркелген. 2018 жылдың ішінде абоненттер өз ЖСНын SMS хабарламамен жіберу арқылы тіркемеген телефондар жұмыс істеп тұрған сим-картаға автоматты түрде (2019 жылғы 1 қаңтарда) тіркелген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: