Қазақ түрмесінде отырған жігіт пара беріп, 60 сим-карта алдырта жаздады

exclusive.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 21:59 exclusive.kz
Қамаудағы адамның танысы келіп, 60 дана сим-картаны колония ішіне заңсыз кіргізу үшін мекеме басшыларының біріне қаражат берген.

Батыс Қазақстан облысындағы ҚАЖД РУ-170/3 қауіпсіздік мекемесіндегі ауыр қылмыс үшін жаза мерзімін өтеп жүрген сотталушы тыйым салынған затты колонияға делдал арқылы өткізбек болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазасын өтеуші өз ойын жүзеге асыру үшін колония қызметкерлеріне пара ұсынған. Алайда қызметкерлер оның бұл іс әрекетінің заңсыз екендігін түсіндіріп, ұсынысынан бас тартқан. Кейін қамаудағы адамның танысы келіп, 60 дана сим-картаны колония ішіне заңсыз кіргізу үшін мекеме басшыларының біріне қаражат берген. Пара берушіні облыстық ҚАЖД қауіпсіздік қызметкерлері қылмыс барысында ұстады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігі бойынша (пара беру) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сот дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: