Украина НАТО-ға кіреді - Йенс Столтенберг
5.ua
Ол Киевке реформаларды күшейтуге және елдің одаққа кіруі үшін қоғамды модернизациялауға көмектесуге уәде берді.
Украина НАТО-ға қосылады! НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг 1 + 1 телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
- Украинаның НАТО-ға мүше болуын барлық одақтас ел қолдады. Черногория НАТО-ға тек екі жыл бұрын кірді, Солтүстік Македония бірнеше айдан кейін НАТО-ның мүшесі болады, біз мұны ертерек - Берлин қабырғасы құлағанда-ақ бажайлаған едік. Польша, Балтық жағалауы елдері – ешқайсысы кезінде НАТО-да болуды армандамаған да, - деді Столтенберг.
Сонымен қатар ол Киевке реформаларды күшейтуге және елдің одаққа кіруі үшін қоғамды модернизациялауға көмектесуге уәде берді.
- Кейбір елдер үшін серіктестік мүшелікке алғашқы қадам болып табылады. Бірақ барлық елдер үшін серіктестік дегеніміз - НАТО-мен тұрақты негіздегі қарым-қатынас. Бұл жерде "қарым-қатынас жоқ" және "толыққанды мүшелік" мәртебелері арасында үлкен айырма бар екенін түсіну керек, - деді Бас хатшы. Ол Украинаның толыққанды мүшелігі үшін "осы елмен бірге ұйымның не істей алатындығы туралы ойлану керек" деп қосты.
Қазан айының соңында Радада жасаған баяндамасында Столтенберг альянсқа кірудің жолы оңай болмайтынын, ол үшін айтарлықтай реформалар жасау қажеттігін, бірақ Украина үшін НАТО-ның есігі үнемі ашық екенін айтқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript