Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан интернет еркіндігі тым нашар мемлекет деп танылды

Freedom House, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2019 23:26 Freedom House
Ұйым есебінше, Қазақстанда "билікшіл тролльдер интернеттегі онлайн талқылауды қолдан ұйымдастырады".

Қарашаның 5-і күні Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Интернеттегі еркіндік" (Freedom on the Net-2019) есебін жариялады. Онда Қазақстанда "бір жыл ішінде интернеттегі еркіндік тым нашарлап кеткені" айтылған. Ұйым Қазақстанды "интернеті еркін емес ел" деп таныды, деп жазады centralasian.org.

Халықаралық құқық қорғау ұйымы Freedom on the Net – "Интернеттегі еркіндік" есебінде "әлем елдерінде билік өкілдері технологияны цифрлық авторитаризмге бұрып, әлеуметтік желіні сайлау нәтижесіне әсер етуге және азаматтарын бақылауда ұстауға пайдалануын жиілетті" деп жазады. "Осының әсерінен дүние жүзіндегі интернеттегі еркіндік тоғыз жылдан бері нашарлап келеді" дейді Freedom House. Ұйым есепке кірген 65 мемлекеттің қырығында билік әлеуметтік желіні бақылайтын арнаулы бағдарлама қолданатынын анықтаған.

Freedom House ұйымының жазуынша, интернеттегі еркіндік азая түскен 33 елдің арасында Қазақстан да бар.

"Ұпайы қатты азайған елдер – Судан мен Қазақстан. Одан соң – Бразилия, Бангладеш пен Зимбабве" деп жазады ұйым. Freedom House Қазақстанға 100-ден 32 ұпай (0-39 балл арасы – "интернеті еркін емес" дегенді білдіреді) берген. Қазақстанмен бір қатарда Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Пәкістан, Өзбекстан мен Иран тұр.

Freedom House биылғы есебінде Қазақстанды "интернет, әлеуметтік желілер және байланыс платформалары жиі бұғатталатын", "саяси, әлеуметтік және діни контенттер шектелетін", "блогерлер, құқық қорғаушылар, желі қолданушылары немесе билікті сынағандар жиі қудаланатын, жауапқа тартылатын" елдердің қатарына енгізген.

Ұйым есебінше, Қазақстанда "билікшіл тролльдер интернеттегі онлайн талқылауды қолдан ұйымдастырады".

"Қазақстанда жұртты шатастыратын немесе билікті, саяси партияның аппаратын қолдайтын контенттерді тарату үшін боттарды, гиперпартизан комментаторларды, жаңалық сайттарын, желідегі топтарды пайдаланады" деп жазылған есепте.

Freedom House ұйымы "Қазақстанда адамдардың жеке деректерін бақылау күшейгенін" де атап өткен.

Freedom on the Net есебіндегі Қазақстанға байланысты айтылған негізгі фактілер:

Қазақстанда ұзақ уақыт президент болған Нұрсұлтан Назарбаевтың күтпеген жерден өкілетін тоқтатуы, ол таңдаған кандидаттың қолдан ұйымдастырылған сайлауда жеңіске жетуі елде наразылықты өршітті. Билік сайлау уақытында интернет жұмысына жиі кедергі келтіріп, жергілікті және халықаралық ақпарат сайттарын бұғаттады. Белсенділердің үнін өшіру үшін әлеуметтік желілердің жұмысын шектеді.

Қазақстанда биліктің ұялы байланыс нарығын монополизация жасауы және тұрғындарды бақылауда ұстауы интернет еркіндігінің нашарлауына әкеп соқты.

Қазақстан Ресей федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қатысы бар және АҚШ-тың санкциясына ілінген компаниядан ("Квант" институты – ред.) 4,3 миллион долларға қоғамдағы наразылық көңіл-күйді анықтап, талдау жасау үшін әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу жүйесін сатып алған. Бұл жайт 2018 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Жүйе әлеуметтік желілерде "мемлекетке нұқсан келтіретін мақалаларды" анықтай алады. Қазақстан бұл құрылғы арқылы елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымын қолдаған жазбаларды анықтап, азаматтарды соттауы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: