Бас мүфти түрмеде қызмет ететін имамдарға жалақы тағайындауды ұсынды
muslim.kz
Бас мүфти сонымен қатар Ақсақалдар институтының рөлін күшейту мәселесін көтерді.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз имамдардың тынымсыз қызметін ескеріп, оларға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету керектігін айтып өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Осы ретте бірнеше ұсынысты ортаға салайын: біріншіден, "Тарих және діни сана" жобасын бірлесіп, жүзеге асыруды ұсынамын. Тарихи нысандар мен орындарға жасалатын жоспарлы сапар жамағаттың танымын, көкжиегін кеңейтіп, интеллектуалдық деңгейін арттырады. Бұл ретте сыртқы елдердің де тәжірибесін де алуға болады. Екіншіден, қоғамның ағартушы тобына жататын имамдардың тынымсыз қызметін ескеріп, оларға да әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасалса деген ұсынысымыз бар. Әсіресе, 100-ге жуық еліміздегі түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы тағайындалса дейміз. Бұл дін қызметкеріне көрсетілген құрмет пен әділ баға болар еді, - деді ол.
Бас мүфти сонымен қатар Ақсақалдар институтының рөлін күшейту мәселесін көтерді.
"Өйткені, біз қарияның сөзіне қарсы шықпаған халықпыз. Бұл санаға сіңген салтымыз. «Қой» дейтін қожа бола білген қаншама қарияларымыз жат ағымға кеткен жастарға насихатын айтып, тәрбиесін түзеп келеді. Осы бағытта облыстық мешіт жанындағы Ақсақалдар алқасы мен аудан, ауылдардағы Билер кеңесі үлкен құрал бола алады деп ойлаймын", - деді ол.
Айта кетсек, елордада Қазақстан Дінтанушыларының ХІ форумы өтіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript