Таңертең бері, кешке кері: Нұр-Сұлтанда реверсті қозғалыс енгізілуі мүмкін

sibdepo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 22:17 sibdepo.ru
Бұл мәселені талдау қажет - ҚР ІІМ ӘПК бастығы.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов Нұр-Сұлтанда реверстік кері қозғалыс тәртібін енгізу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байболов бұл мәселені Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы әкімдіктегі жол қозғалысын реттеу жөніндегі кеңесте айтқанын атап өтті.

- Оқу жылының басында жолдарда үлкен кептелістер пайда болғандықтан осындай идея пайда болды. Қабанбай батыр даңғылын алайық, ол 30 мыңнан астам адам тұратын ірі Қосшы ауылына апарады. Көлік нөпірі таңертең Нұр-Сұлтанға кіруге, кешке қаладан қашуға асығады. Әрине, кептелістер туындап, қолайсыздықтар болып жатыр. Бұл мәселені реттеу үшін біз оны жан-жақты қарастырамыз, бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, - деді спикер.

Оның айтуынша, бәрін мұқият талдау қажет.

- Кептелістер уақытын қарау керек, мысалы, қай уақыт аралығында кептеліс болады, сол кезде бір бағытты жауып, екіншісіне жол ашу керек. Бірақ бұл шешім жақын арада қабылданбайды. Тағы бір ай керек шығар, - деп қорытындылады ӘПК бастығы.

Реверстік қозғалыс – уақытқа байланысты бір бағыттан екінші бағытқа өзгеретін белгілі бір жолақтардағы қозғалыс тәртібі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Сығанақ көшесі - Тұран даңғылы, Тұран даңғылы - Керей Жәнібек көшесі мен Бейсеков көшесі – Қорғалжын шоссесі қиылыстарында солға бұрылыстарға тыйым салынғаны белгілі болған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: