Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері елімізде мыңға жуық адам жол апатынан қаза тапты

Жол-көлік апаты, Қазақстан, Қарағанды, жол полициясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 17:48 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 18 шілдеден бастап жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК төарағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жазғы демалыс кезеңінде және демалыс маусымында қалааралық және аймақаралық қатынастардағы көлік құралдарының трафигі дәстүрлі түрде өсетінін атап өткен жөн. Әдетте, салдары ең қайғылы жағдайға әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының өсу қаупі артады. Осыған байланысты іс-шара аясында полицейлер патрульдеу кезінде автокөлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар көлігін тексеруді күшейтеді. ҚР ІІМ ӘПК төарағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері, бірінші кезекте – жүргізушілердің тәртіпсіздігі, соның салдарынан қарама-қарсы жүріс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын арттыру, маневр жасау қағидалары бұзу, сонымен қатар көлікті көп жағдайда шаршаңқы күйде басқару деген сияқты құқық бұзушылықтар.

Бұл ретте балалардың автомобиль салонында болуы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын бұзудан тоқтата бермейді. Жүргізушілердің салғырттығы мен қателіктері, сондай-ақ олардың жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан жарты жыл ішінде еліміздің жолдарында 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 мыңға жуық адам қаза тапты, 8 мыңнан астам адам жарақат алды. Жандос Мұратәлиев

Жандос Мұратәлиевтің сөзінше, өткен тәуліктің өзінде еліміздің жодарында 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тауып, 55 адам әр түрлі дене жарақатын алды.

Мысал ретінде ол өңірлерде болған жантүршігерлік апатты оқиғаларды келтірді.

16 шілде күні 03:00 шамасында Қарағанды облысының тұсындағы тас жолда шаршаған жүргізуші Mersedes-benz Sprinter шағын автобусын басқаруды өзінің кәмелетке толмаған туысына тапсырған, ол рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, MAN автокөлігіне соғылды. Салдарынан кәмелетке толмаған микроавтобус жүргізушісі мен оның жеті жолаушысы қаза тауып, тоғыз жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: