Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 10:02 Фото: unsplash
Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері 249 598 адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмысқа орналасқандардың 96 415-і тұрақты жұмысқа қабылданған.

"Жыл басынан бері 96 415 қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрақты жұмыс орындарына орналасқан азаматтар саны 30 мыңнан астам адамға артты", – деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде жұмысқа орналасқандардың үштен екісіне жуығы тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрақты табыс пен әлеуметтік кепілдіктерге ие болған.

Сонымен қатар еңбек нарығының құрылымы да өзгеріп келеді.

Бұрын жұмысқа орналасудың едәуір бөлігі уақытша жұмыс орындарына тиесілі болса, қазір басымдық ұзақ мерзімді жұмыспен қамтуға ауысуда. Уақытша жұмысқа орналасқандар саны 115 960 адамнан 76 953 адамға дейін азайған. Бұл халықты жұмыспен қамтудың неғұрлым тұрақты моделіне көшіп жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жеткен. Ал жалдамалы қызметкерлер саны шамамен 150 мың адамға артқан.

Елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,5%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3% деңгейінде сақталып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін 31 жаңа мамандық әзірленгенін, сондай-ақ 22 қолданыстағы мамандықты жаңғырту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: