Қазақстанда бизнеске 1,7 млн теңгеге дейінгі 9 мың грант беріледі

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 10:51 Фото: Zakon.kz
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда жұмыспен қамту шараларымен 46,9 мың адам қамтылып, олардың 39,9 мыңы жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның 2026 жылғы 17 наурыздағы деректеріне сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарына 20,3 мың адам орналастырылған.

Оның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 1,6 мың адам;
  • жастар практикасына – 894 адам;
  • қоғамдық жұмыстарға – 16,5 мың адам;
  • "Күміс жас" жобасы аясында – 1,2 мың адам.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жаңа бизнес-бастамаларын іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1 730 000 теңге) көлемде 9 мың грант беру жоспарланған.

Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқумен 13,2 мың жұмыссыз қамтылып, олардың 9,8 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алған.

"Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 6,9 мың адам оқытылып, оның 2,7 мыңы оқуын аяқтап, сертификатқа ие болды", – деп толықтырды министрлікте.

Бұдан бөлек, 10 мың адамды кәсіби оқуға жіберу жоспарланып отыр.

"Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады және олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталады", – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Бір күн бұрын Қазақстандағы жұмыс іздеу және кадр іріктеу платформаларының бірінің сарапшылары елде қай қалада жұмыс табу оңай екенін айтып, бос жұмыс орындары бойынша көш бастап тұрған қаланы атаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: