Жаңа жылда қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 23:11 ПМ
1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс күні болады.

ҚР Үкімет басшысының сайтында ҚР Үкіметінің 2020 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы Қаулысы жраияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

"Мына демалыс күндері:

- 2020 жылдың 5 қаңтары - жексенбі күні 2020 жылғы 3 қаңтарға, яғни жұмаға;

- 2020 жылдың 11 мамыры – дүйсенбісі 2020 жылдың 8 мамырына, яғни өткен жұмаға;

- 2020 жылдың 20 желтоқсаны – жексенбі күні 2020 жылғы 18 желтоқсанға, яғни өткен жұмаға ауыстырылсын", - делінген Қаулы мәтінінде.

Бұл Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбе күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: