"Барселонаға" 1/4 финалда "Манчестер Юнайтед" түсті

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл кезеңде бір елдің өкілдері бір-бірімен кездесе береді. Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесулері 9 және 10 сәуірде өтеді, қарымта кездесулер – бір аптадан кейін.
ЧЛ 1/4 финалының барлық жұптары мынадай болды:
"Аякс" (Голландия) - "Ювентус" (Италия)
"Ливерпуль" (Англия) - "Порту" (Португалия)
"Тоттенхэм" (Англия) - "Манчестер Сити" (Англия)
"Барселона" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия).
"Тоттенхэм" - "Сити" жұбының жеңімпазы "Ювентус" немесе "Аякспен" кездеседі, ал "Барса" - "МЮ" екеуінің мықтысы "Ливерпуль" немесе "Портуға" шығады.
Алғашқы жартылай финалдық ойындар 30 сәуірде, қарымта кездесу - 7 мамырда өтеді.
Финал 2 маусымда Мадридтегі "Ванда Метрополитано" стадионында өтеді.
Чемпиондар лигасының соңғы үш кубогын "Реал" жеңіп алған, бірақ биыл испаниялық клубты жарыстан "Аякс" қағып тастады.