Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған концертке жарты миллиард теңге бөлінеді

yvision.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2019 20:57 yvision.kz
Бұл ақша республикалық бюджеттен беріледі.

Қазақстан Үкіметі 2019 жылғы 25 қазанда "ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың Ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспарға 70-ке жуық іс-шаралар кірді, олардың бірі - ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастыру және Мемлекет басшысының атынан өткізілетін ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама.

Осы іс-шараға "Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және танымал ету және мұрағат ісін жүргізудің тиімділігін арттыру" және "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды өткізу" бюджеттік бағдарламасы аясында 504 млн 802 мың теңге бөлу жоспарланған.

Мемлекет басшысы, беделді халықаралық ұйымдардың, басқа елдердің конституциялық әділет органдарының және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өтетін "XXI ғасырдың Конституциясы - заң үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі" тақырыбындағы халықаралық конференцияға шамамен 218 млн 497 мың теңге жұмсалады.

Сондай-ақ, жоспарда ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған төсбелгілерді және пошта маркаларын (Қазпошта есебінен), естелік монеталар шығару, конкурстар ұйымдастыру, мақалалар жариялау және тағы басқалары қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: