Жаңалықтар тізбегі
0

Алик Шпекбаев: "ҚазҰУ мен "НАРХОЗ" университеттері жастардың бастамаларының орталығына айналды

-, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2019 20:34 -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің басшысы бүгінгі таңда еліміздің 2,5 мың оқу орындарының базасында жастардың бастамаларының орталығына айналған парасаттылық мектептерінің жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның аясында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - жоо) барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда ҚазҰУ еліміздің жетекші жоо ретінде әлемнің ең үздік 200 тобына қосылу туралы еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған маңызды мемлекеттік міндетті іске асыруда мақсатты жұмыстар атқаруда.

Өз кезегінде ЖОО басшылығы "Университет 4.0" жобасын таныстырды. Бүгінде ҚазҰУ-нің әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы al-FarabiUniversitySmartCity инновациялық платформасының негізінде ҚазҰУ әзірлеген және енгізген "Университет 4.0" тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылуда. "Университет 4.0" жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформасының селбесуіне негізделеді және еліміздің, әлемнің азаматтары ретінде жоғары деңгейлі мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2019 20:34

Сондай-ақ, парасаттылық мектептері ашылды. Мектептің басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жаңа формациядағы жас өкілдерін даярлау.

Осыдан соң Алик Шпекбаев "НАРХОЗ" Университетіне барып, оның студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру мәселері жөніндегі жұмысымен танысты.

Кездесу барысында Нархоз университетінде бірінші курсты оқытудың жаңа тәсілдері таныстырылды. Жұмыстың интерактивтік әдістеріне және әр студентке жеке тәсіл қолдануға негізделген жаңа әдістеме плагиатпен және студенттердің жазба жұмыстарын тапсырыспен орындауға байланысты мәселелерді азайтады немесе құтқарады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2019 20:34

Алик Шпекбаев кездесуді қорытындылай келе: "Жыл сайын мен жоғары мінбелерден НАРХОЗ университетінде жемқорлықтың тіпті иісі де жоқ деп мәлімдеймін. Университеттің менеджменті мен оқытушылары ең алдымен оқытудың сапасына және рәсімдердің ашықтығына баса назар аудара отырып, жаңаша жұмыс істейді", - деп атап өтті.

Ал, "AlmaU" Университетінде студенттерде қоғамға және парасаттылыққа қызмет ету қағидаттарын қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің басшысы бүгінгі таңда еліміздің 2,5 мың оқу орындарының базасында жастардың бастамаларының орталығына айналған парасаттылық мектептерінің жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2019 20:34

Ол үлгі ретінде ҚазҰУ мен "НАРХОЗ"-ды атады.

- Креативті жастардың қатысуын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Өскелең ұрпақ түрлі форматтағы іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу, видеороликтер мен мультфильмдер әзірлеу арқылы парасаттылық қағидаттарын қолдайтынын көрсетуде, - деді А.Шпекбаев.

Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою тек қоғамда сенім болған жағдайда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бей-жай қарамайтын азаматтар кеңінен тартылғанда ғана мүмкін болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: