Түркістан: көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2019 00:50 Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі
Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінгені белгілі.

Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды шарада облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов секторлардағы жұмыстармен танысып, ағаш отырғызуға атсалысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2019 00:50

Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінгені белгілі. Бүгін аталған секторлар 25 мың түп көшет (шаған, сән ағаш, үйеңкі, қараөрік, қарағаш, тұт, каштан, арша, липа) отырғызды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2019 00:50

Секторларға бекітілген аудан-қалалар тарапынан сенбіліктегі көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 245 техника жұмылдырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2019 00:50

Сонымен қатар аумақтық 23 департамент мамандары қала ішіндегі ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Р33, Р-32 каналдарының бойына ағаш егу, тазалау жұмыстарын жүргізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2019 00:50

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: