Алматыда Бостандық ауданының судьясы пара алды деп күдіктелуде

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 23:19 видеодан кадр
3 мың доллар параны сенім берілген тұлға арқылы қайтару кезінде әшкереленді.

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып Бостандық ауданының судьясымен пара алу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Судья азаматтық іс бойынша шешімді кейінге қалдырғаны үшін бұрын алған 3 мың АҚШ доллары көлемінде параны сенім берілген тұлға арқылы қайтару кезінде әшкереленген.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: