Қазақстан ауылшаруашылығы өнімдерін түсетін табысты 2,5 есеге арттыра алады

vlast.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 16:38 vlast.kz
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір адамға небәрі 5000 АҚШ долларын құрайды.

2018 жылы ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты небәрі 1 триллион теңгені құрады. Көрсеткіштің төмен болуына барлығы 4,5 трлн теңгені құраған өнімнің аз көлемде шығарылуы себеп болды. Десе де, Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін сатудан түсетін кірісі зығыр, соя және жасымық өндірісінің ұлғаюына байланысты 2,5 есе өсуі мүмкін. Ал дәнді дақылдарға деген әлемдік сұраныс елді кем дегенде қосымша 250 млрд теңгемен қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды Zakon.kz FinReview.Info-ға сілтеме жасап.

Қазақстан аумағы Шығыс Еуропамен қоса Орта Азияға да енеді және ландшафтының алуан түрлілігімен ерекшеленеді: жердің төрттен бір бөлігін ен дала, жартысын шөл және шөлейт зоналар, ал қалған бөлігін тау етегіндегі массивтер алып жатыр. Республика аумағының 80%-ы ауылшаруашылық жерлері қатарына жатқызылуда. Алайда, аталмыш сектордың тек 40%-ы, яғни 96 млн га жері ғана ауылшаруашылық мақсатта пайдаланылады.

Сөзсіз, еліміздің ауылшаруашылық мақсатта әзірге пайдаланылмаған кең аумағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға айтарлықтай негіз болып табылады. Оның үстіне, Еуразиялық экономикалық одаққа, «Белдеу және жол» бастамасына және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезеңінде Қазақстанның ауылшаруашылық секторына халықаралық инвестициялардың ұлғаюы мен сыртқы сауда айналымының өсу мүмкіндігі аталмыш саланы дамыту перспективаларын арттыра түсуде.
Соңғы бес жылдағы ауылшаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы жыл сайынғы 9%-дық өсімнен құралған оң динамиканы көрсетуде. 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өнім шығарылымы 3,7 трлн теңгеге жетті, бұл 2018 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға көп. 586 млрд теңгенің өнімін шығарған Алматы облысы елдің аймақтық көшбасшысы атанды. Үздік үштікке, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы (508,1 млрд теңге) және Түркістан облысы (445,8 млрд теңге) енді.

Азық-түлік өндірісінің құрылымындағы негізгі үлесті астық өңдеу саласы (22,3%), сүт (16,7%), наубайхана (15%), ет өңдеу (13,6%), май (7,9%) және жеміс-көкөніс (7,6%) құрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 16:38

2010 жылдан бері байқалып келе жатқан егін көлемінің тұрақсыз өзгерістері ауа-райының қолайсыздығымен ғана емес, сонымен бірге өндірістің барлық кезеңдерінде, оның ішінде ору-жинаудан кейінгі үдерістерде технологиялық жабдықтардың жеткіліксіздігімен де түсіндіріледі. Нәтижесінде елде көкөніс пен жеміс шаруашылығы өнімінің тек 2-3% -ы өңделеді. Десе де, Қазақстан дәнді дақылдар және ұн сияқты кей өнім түрлері бойынша алпауыт өндірушілер мен экспорттаушылардың қатарынан табылуда. Ұн экспортында еліміз әлемдік нарықта жетекші орынға ие.

Ауылшаруашылық өндірісінің маңызды ерекшелігі – тұтынудың жыл сайынғы өсімі азық-түлік өндірісінің көлемінен асып түседі. Нәтижесінде нарықтағы бос тауаша импорт есебінен толықтырылады, олардың бірқатар тауарлар бойынша үлесі айтарлықтай болып қалуда. Мәселен, отандық өндірушілер ірімшік пен сүзбе өндірісі бойынша тұтынушылық сұраныстың тек 55%-ын, балық бойынша 51%-ын, құс еті бойынша 57%-ын қамтамасыз етеді.

2018 жылы Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 30,5%-ға артып, 13,5 млн тоннаны құрады. Экспорт көлемі ақшаға шаққанда 3 миллиард АҚШ долларынан асты. Ал өңделген өнім экспорты 3,5 млн тоннаны, яғни ақшаға шаққанда 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Оң динамика Қазақстанның басым нарықтарына экспорттың ұлғаюы есебінен байқалуда. Атап айтқанда, экспорт көлемі Иранға шамамен 2 есеге (экспорт көлемі – 329 млн АҚШ доллары), Еуропалық Одақ елдеріне 20,8%-ға (329 млн АҚШ доллары), Қытайға 43,7%-ға (258 млн доллар), Түркияға 34,2%-ға (113 млн доллар), Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейн) 3,8 есеге (3,6 млн доллар) өсті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 16:38

Дүниежүзілік астық жинау құрылымы шамамен 35% жүгеріден, 26-28% бидай мен күріштен, 5% арпа мен 5% басқа астық түрлерінен (қара бидай, тары, сұлы, құмай) құралған. Жиналған астықтың ішінде бидайдың шамамен 12-15%-ы әлемдік саудаға бағытталады, қалған бөлігі ел ішінде тұтынылады. Мемлекетаралық жеткізілімнің шектеулі көлемі Қазақстанды бидай мен ұнның негізгі экспорттаушысы ететіні анық. Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуеті бірқатар шет елдердегі қолайсыз экологиялық жағдайларға байланысты артып келеді. Мысалы, Австралиядағы дәстүрлі құрғақшылық ондағы нарықтың, атап айтқанда Индонезия нарығының толыққанды қамтамасыз етілмеуіне әкеліп соқтыруда, бұл өз кезегінде елдер арасында бәсекелестік тудырады. Нәтижесінде, тек Австралияның өзінен ғана, Қазақстан бидай экспортын жылына 10,9 млн тоннаға дейін арттыра алады.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір адамға небәрі 5000 АҚШ долларын құрайды. Салыстыратын болсақ, Белоруссияда бұл көрсеткіш 33,5 мың АҚШ долларын, Ресейде 18,4 мың АҚШ долларын құрайды. Десе де, Қазақстан 2022 жылға қарай ауылшаруашылық өнімдері айналымының кірісін 2,5 есеге арттыра алады. Жасымық, зығыр және соя сияқты тиімділігі жоғары дақыл түрлерін өндіруді ұлғайту өсуге серпін береді. 2018 жылы Қазақстан тоннасына 400 АҚШ доллары бағасымен 33 мың тонна соя экспорттады, ал сол арада бидайдың бір тоннасы 2 есе арзан бағаға қойылды. Зығыр мен жасымықтың экспорты Еуропа елдері арасында үлкен сұранысқа ие.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: