Жаңалықтар тізбегі
0

"Заң жобасын әдейі өткізбей отыр". Кәсіпкер депутат Балиеваны айыптады

Болат Шайхинов, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 16:55 Болат Шайхинов
Депутат Балиева әріптестеріне 29 қазанда бала асырап алуға арналған мемлекеттік емес агенттік құру жөніндегі жобаны қарамауға шақырған - Айдын Рақымбаев.

Қазақстанда бала асырау алу туралы агенттіктің жұмысы 2016 жылы "Ана үйі" қоғамдық қоры шеңберінде басталған болатын. Алайда халықаралық ұйымдармен толыққанды әріптестік орнату үшін мекеме құқықтарын заңдастыруы шарт. Бірақ кейбір депутаттар жаңа заң жобасын тиісті деңгейде қарауға асықпай отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

"3 жыл бұрын Андрей мен Оксана Орал қаласынан бала асырап алды. Оған дейін ерлі-зайыптылардың туған 2 баласы болған. Асыранды Леонидті 9 ай құрсағында көтермесе де, баланы бауырына басу үшін жасаған қадамдарын дүниеге сәби әкелу ерлігіне пара пар санайды. Өйткені осынау күрделі процестегі кедергілерді елорда тұрғыны жеңе білді. Ойын баласы болғаннан Леонидтің еркелігін көпшілік басқаша түсініп, одан бас тартуға үгіттеген. Тіпті балаға психиатриялық ем қажеттілігі туралы айтқан", - дейді телеарна тілшісі.

Оксана Дагнер, Леонидтің анасы:

– Кімнен көмегіңді сұрарыңды білмеген қиын. Мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау болды деп айтуға ауыз бармайды. Бірақ жергілікті қоғамдық қор қол ұшын созудан аянбады. Олар бізге психолог маманды тауып беріп, хал-жағдайымызды сұрап тұрады.

Оксананың "Ана үйі" қоғамдық қорына айтар алғысы шексіз. Қор төңірегінде меценаттар бала асырап алуға арналған мемлекеттік емес ұлттық агенттік құрғысы келеді. 2016 жылдан бері 9 мыңнан астам азамат бала асырап алғысы келген. 1138 жетім баланың қазір отбасы бар. Бірақ жоғарыда аталған ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапса, бақытты балалар саны артар еді дейді қоғамдық қор өкілдері

Айдын Рақымбаев, азаматтық белсенді:

– Депутат Балиева әріптестеріне 29 қазанда бала асырап алуға арналған мемлекеттік емес агенттік құру жөніндегі жобаны қарамауға шақырған. Және осы күнге дейін қаралмады да. Бүгін тағы да Мәжілістегі тыңдалымдар кейінге шегерілді. Алайда заңға өзгерістер мен түзетулер енгізуге небәрі 5-6 күн қалған еді. Егер осы жолы 27 қарашаға дейін заң жобасы қаралмаса, келесі заңнаманы әзірлеу мерзімі тағы 1,5-2 жылға шегерілуі мүмкін.

Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева 2 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі өкілі болғандықтан, отбасыға зәру балалардың жағдайын жақсы біледі. Кәсіпкер тарапынан айтылған осынау сыннан кейін бала асырап алуға арналған мемлекеттік емес агенттіктің құрылуына не кедергі екенін біліп көрдік.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Күте тұрыңыз, біз бұл жобаға әлі кіріскен жоқпыз, қандай нормалар? Мен тек ұсыныс айтқанмын. Ал әріптестерім заң жобасынан ұстаз мәртебесіне қатысы жоқ түзетулердің бәрін алып тастайтындай шешім шығара қоймады.

Небәрі 4 түзету. Біріншісі бала асырап алу агенттігіне заңнамалық құқық пен уәкілдік беру. Екіншісі, туған баласынан ресми түрде бас тартпай және өзінің де қамқорлығына алмай жүрген ата-аналардың мәртебесін бір жаққа шығару. Және бала асырап алғысы келетін болашақ аналар мен әкелерді арнайы білім алуға міндеттеу. Сондай-ақ жаңа отбасын тапқан балалардың хал жағдайын ұдайы қадағалап отыру.

Анар Рахымбаева, "Ана үйі" ҚҚ атқарушы комитетінің төрағасы:

– 2018 жылы сегізінші Азаматтық форум кезінде бұл бастама туралы Елбасы да хабардар болған. Әрине сол кезде біз көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болдық. Қазір сол игі іске ресми мәртебе берудің соңғы кезеңі деп айтсам болады. Бірақ заң жобасы толық әзір болғанымен, кейбір депутаттар тарапынан негізсіз және жасанды кедергілерді еріксіз байқап отырмыз.

Лауазымды тұлғалардың бейжайлығы Қазақстандағы балалар үйін жабуға кедергі келтіріп отыр, деген болатын балалар құқығы жөніндегі өкіл Аружан Саин. Осыған байланысты, депутаттар мен қоғам белсенділері арасындағы келіспеушіліктер балалардың бақытты болуына кедергі келтірмеу керек, дейді заң жобасын ұсынушылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: