Н.Нығматулин Санкт-Петерборға ұшып кетті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 18:13 Ж.Құспанов
Н.Нығматулин Санкт-Петерборда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық 50-сессиясына қатысады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 21-22 қарашада Санкт-Петерборда өтетін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПА) шараларына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД ПА-ның биылғы күзгі сессияның басты ерекшілігі болып мерейтойлық 50-ші пленарлық отырысы саналмақ.

Күн тәртібінде - ТМД-да 2020-2022 жылдарға арналған модельдік заң шығарудың Перспективалық жоспарының жобасы, қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау туралы модельдік заң, ұлттық экологиялық қауіпсіздік орталықтарын ұйымдастыру бойынша Ұсыныстар, трансшекаралық ақпарат алмасудағы электрондық нотариаттық іс-әрекеттер туралы модельдік заңның және басқа да заң актілері бар.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин 50-ші жалпы отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ, ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысады.

Н.Нығматулин, сонымен қатар, ТМД ПАА-ның күзгі сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: