Елбасы: Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын көптеген жоба бар
ҚР Тұңғыш Президентінің сайты
Елбасы Қазақстан мен Швейцария арасындағы тәуелсіздік жылдарында экономиканың түрлі салаларында жақсы қатынастар орнатылып, дамығанын баса атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасының сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Швейцария арасындағы тәуелсіздік жылдарында экономиканың түрлі салаларында жақсы қатынастар орнатылып, дамығанын баса атап өтті.
- Қазақстанға хош келдіңіз! Сіздің еліңізде мен бірнеше рет болғанмын. Швейцария - Қазақстанның ірі және маңызды сауда-саттық серіктестерінің бірі. Біздің елді әрдайым қолдап келесіздер. Қазақстанға арада қалыптасқан ынтымақтастықты жалғастыру керек. Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын көптеген жоба бар, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс білдірді және Қазақстанға ресми сапары туралы алған әсерлерімен бөлісті.
- Біздің елдеріміз өте жақсы қарым-қатынаста. Бүгін таңертең менде конструктивті әрі жемісті кездесулер болды. Біз Қазақстанда дамытқымыз келетін көптеген жобаларды талқыладық, - деді Швейцария Президенті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript