Жаңалықтар тізбегі
0

"Біздікі" деген сөз вирусқа айналды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 17:01 видеодан кадр
Сырт көзге жәй көңіл көтеру үшін жасалып жатқандай боп көрінетін бұл мәселені қазбалай берсең түбі тереңде жатыр.

"Дикий Арманның" челлендж вирусқа айналды. Қылмыс әлемінде осындай лақап атпен танымал оның бастамасы әр ортада қолдау табуда. Қарапайым жұртты айтпағанда, отандық шоу-бизнес өкілдері мен шетелдік жұлдыздар да үлес қосып, видеоларын жүктеуде. Қатарында әнші Қайрат Нұртас, шоумен Нұрдәулет Шертім мен UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамбетов те бар. Осы дүрмекке еріп, "біз сізбен біргеміз, өскесін өзіңіз сияқты болғымыз келеді" деп ұрандатқан жастардың көптігі мамандарды алаңдатып отыр. Бұдан бөлек, қолына қару ұстап, "Астана біздікі" деп лепіріп сөйлеген есерсоқтың сөзін қылжаққа айналдырып, челлендж бастағандар да баршылық.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Басынан бақайшығына дейін қаруланып, "Астана біздікі" деп есірген жігіттің әрекеті жауапсыз қалмады. Былапыт сөздерді қарша боратып, "қырып саламыз" деп доқ көрсеткен "мықтыны" құзырлы органдар бірден қолға түсірді. Бұған дейін бірнеше рет сотталыпты. Енді болды, "кінәлі ұсталды, қамалды, әңгіме осымен жабылды" дегенде, оның сөзін қылжақ айналдырған видеолар әлеуметтік желілерге жан-жақтан ағылуда.

Иә, еріккен біреудің қаңсығын таңсық көріп, дым мағынасы жоқ видеодан кейін, қалай екені белгісіз әйтеуір челлендж басталып кетті осылай. Бірі келемеждеп, бірі әзілге айналдырып жұртты күлкіге қарық қылуда.

Ержан Мырзабаев, психолог:

"Әрбір жас бала өзіне авторитет, қаһарман іздейді. Бір батыр іздейді. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметтегі адамдардың жаңалықтарда көбіне жаман жақтарынан көрсетілгендіктен, жастарға олар авторитет емес. Оларды бір қаһарман ретінде көрмейді. Қала әкімін, облыс әкімін. О бір қызметке жетті, не деген еңбектенді деп. Ал криминалды жолмен болса да, осындай атаққа жеткен азаматтарды қаһарман көреді".

Челлендждер жай ғана көңіл көтеру үшін жасалады деген ойдан түбегейлі арылуымыз керек, бұл еліктеудің пайда болған жаңа бір түрі. Яғни, бүгін қалжың деп қабылдап жатқан бұл бастама, ертең үлкен проблемаға әкелуі әбден мүмкін. Бұл психолог Ержан Мырзабаевтың пікірі.

Ержан Мырзабаев, психолог:

"Жастардың санасын улау мақсатында да осындай челендждер жасалады. Мысалы, осындай криминалды авторитеттер болсын немесе жағымсыз әрекеттер болсын, қолға қару алу деген сияқты болса, оларды бір челлендж жарыс, еліктеу, мақтаншақтық ретінде көрсеткенімен,негізі жастар арасында криминалды былай айтқанда дұрыс, жақсы, үлгі алатын құбылыс деп көрсетеді. Яғни, ол да қауіпті жағы"

Демек...

Ержан Мырзабаев, психолог:

"Егер мен үшін криминалдық өткен шағы бар адам авторитет болса, демек мен де өскен соң криминал жасаймын"


Иә, сырт көзге жәй көңіл көтеру үшін жасалып жатқандай боп көрінетін бұл мәселені қазбалай берсең түбі тереңде жатыр. Бірақ, жас балаларды қойып, бұған шоу-бизнес өкілдерінің қолдау көрсеткенін санамызға сыйдыра алмадық...

Ақсұлтан Қалиев, вайнер:

"Егер де пайдалы, мысалы, "экология" деген сияқты челенджерді айтып жатырсыз ғой. Менің ойымша, бәрінің басындағы проблемалары жетіп жатыр. Және олар одан әрі сол жаққа қарай үңілгісі келмейді. Иә, әрине, ол - пайдалы, жақсы".


Қысқасы, халықтың сұранысы әзірге жеңіл-желпі челлендждерде болып тұр ғой осылай. Бастысы, мамандар айтпақшы, кесірі ертеңгі ұрпаққа тиіп кетпесе болғаны.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: