Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Байменов жемқорлыққа қарсы тұрудың 5 үлгісін ұсынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 18:13 zakon.kz
Әлихан Байменов жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл халықтық іс екенін тілге тиек етті.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер" тақырыбында Түркістан қаласында өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форумда атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, 700-ден астам адамды қамтыған Халықаралық форумның түркі әлемінің рухани астанасында өтуі заңдылық екенін жеткізіп, қоғамдық кеселге тосқауыл қоюдың үздік 5 түрлі үлгісін көпшілік назарына ұсынды.

Олар тал бесіктен төгілетін отбасылық үлгі, ұстаздан шәкіртке берілетін тәрбиелік үлгі, дін басыларының уағыз-насихаттары арқылы жүргізілетін ағартушылық үлгі, құқық қорғау органдары өкілдеріне деген халықтың сенім үлгісі және әр басшының өз қызметкерлеріне уақыт, еңбек, абырой арқылы қалыптасатын биік үлгісі екендігін өз баяндамасында атап көрсетіп, жемқорлықты жоюда ең маңыздысы заңның бұлжытпай орындалуы екендігін қадап айтты.

Өз кезегінде Байменов жемқорлыққа қарсы күресті Агенттіктің, прокуратураның, соттың жұмысы деп қарамау керектігін, бұл бүкіл халықтық іс екендігін және батпандап кірген дертті шығару үшін әрбір азамат, соның ішінде әрбір басшы тазалықтың, адалдықтың үлгісін көрсетуі тиіс екендігін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан өңіріндегі алғашқы Халықаралық форум ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен өткізілген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің озық үлгілері ортаға салынған келелі жиынға АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Татарстан сынды мемлекеттерден уәкілетті органдардың өкілдері арнайы келіп, жең ұшынан жалғасқан әлемдік індетке тосқауыл қоюдың тиімді тәсілдері талқыланды.

Тың тәжірибелер алмасуға ықпал еткен Халықаралық форум киелі өңірді өркениет ошағына айналдыруға және тарихи мекенде адалдық пен тазалықтың салтанат құруына серпіліс сыйламақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 18:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 18:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: