Жаңалықтар тізбегі
0

Президент қабылдауында болған сарапшының жазғаны елді елең еткізді

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 19:30 facebook.com
Президентпен кездесуде осыған дейін Стратегиялық бастамалар форумында айтқан ұсыныстарымды жеткіздім - Құдайбергенов.

25 қарашада Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескен экономист Олжас Құдайбергеновтің желідегі "Президент" атты жазбасы көп оқылып, кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарапшы өз жазбасын Facebook-тегі парақшасында орыс тілінде жариялады. Оның қазақша аудармасын қаз-қалпында ұсынамыз.

"Дүйсенбіде президентпен кездесесің" деді, содан соң сағатына дейін нақтылап ескертті. Бірден ол кісінің кітаптарын қолыма алып ("Преодоление", "Свет и тень"), кездесуге дайындала бастадым. Өйткені кітабы арқылы ол кісінің қандай, не ойлайтынын оңай аңғаруға болады. Көктемде ғана ол кісіні сынап, кейіннен бірқатар дұрыс әрекеттеріне куә болған соң, сол кезде-ақ, ол кісімен жүздеспесем де өзімнің сыни пікірімді өзгерткен едім. Сын демекші, оны мына сілтемеден оқи аласыздар.

Меніңше, халықтың ол кісіге деген сенімі күннен күнге артып келеді, әсіресе Алматы мен Ақмола облыстарына жасаған жұмыс сапарынан соң. Стратегиялық бастамалар форумында біз бұл реттегі цифрды да жариялаған едік: сауалнама нәтижесі бойынша халықтың 61% -ы ол кісіге сенеді. Ол, тіпті 8 ай ішінде орта таптың өзіне деген сенімін оята алды (Көкжайлау, LRT және т.б.), енді олар одан да үлкен өзгерістерді күтіп, үміт артып қарап отыр. Алда одан да неғұрлым кең ауқымды әрі ұзақмерзімді әрекеттер күтіп тұр, төменгі таптың, яғни жұмыссыз, үйсіз-күйсіз жандардың билікке деген қыжылын басу керек, Құдай қаласа, бұл мәселелер де оңымен шешіледі деп ойлаймын.

Президентпен кездесуде осыған дейін Стратегиялық бастамалар форумында айтқан ұсыныстарымды жеткіздім, атап айтқанда:

- Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікті құру;

- Бюрократиялық процедураларды бес есеге азайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жүйесін реформалау;

- Сингапур үлгісіне сай зейнетақы және тұрғын үй жүйесін реформалау.

Жалпыұлттық талқылауда қандай да бір шектеулерге ұрынбас үшін Президенттің бұл мәселелерге көзқарасы туралы, әзірге айтқым келмейді. Өйткені, ең алдымен, жауапкершілік, содан соң түпкілікті шешім бірге жүруі керек қой.

Жалпы, Президент әңгімеге жақсы, адамгершілігі мол кісі екен. Расында, мұнысын сырттай жақсы көріп қаласыз, әйтпесе көбіне саясаткерлер өзін суық ұстап, қатып қалған қалыптан танбай, берген жауабына да қанағаттанбайсыз ғой, ал бұл ретте жағдай басқаша, ол кісінің қабылдауында болған кез келгені өзіне деген адами жылы қатынасты бірден сезінеді.

Президентке Сейдахмет Құттықадамның "Ұлтқа қызмет ету" кітабын ұсындым. Содан былай дедім: "Көшбасшылар туралы шетелдік автордың кітабын сатып алуға болар еді, бірақ мен қазақстандық автордың еңбегін сатып алуды жөн деп ұйғардым". Осылайша елдің ішкі зияткерлік ресурсы әлі түгесілмегенін байқатқым келді. Оның үстіне кітапты қолына ұстатып тұрып, оның атауына мән беруін сұрап: "Бұл жеке өзімнің және менің айналамдағы адамдардың Сізден күтетін нәрсесі" дедім.

Бүгін кешке қарай жиналыс болады деп ақпарат тарағанда бір досым менен: "Ал, қалай, қараңғы түнектің арғы жағынан жарық көріне ме" деп сұрады. "Иә. Құдай қаласа, жарық жанады, одан соң барлық жерге жарық түседі" деп жауап бердім. Ал біз өз кезегімізде бұған үлес қосуға тырысамыз! Меніңше, Тоқаев ең жақсы адамдар арасынан өзінің рубик-кубын жинап, олардың әрқайсысы мемлекеттік басқару жүйесінде өз орнын нық табады деп ойлаймын!

Президент мырза, кездесіп, жүзбе-жүз сөйлесіп, идеяларыммен тікелей бөлісуге мүмкіндік бергеніңіз үшін рақмет!".

Оқи отырыңыз: "Оларды жолатпау керек". Сарапшы Тоқаевтың енді не істейтінін айтты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: