Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда тағы бір Халықтық кеңсе ашылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 22:35 zakon.kz
Рухани мекен Түркістан өңірінде полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін, әрі азаматтарың өтініштерін жедел қарайтын тағы бір халықтық кеңсе ашылды.

Халықтық кеңсенің лентасын ҚР Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қоғамов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топ төрайымы А.Соловьева және Нью-Йорк қаласының үздік полицейі атанған Д.Ниязов салтанатты түрде қиып, тұрғындар үшін таптыртмас халықтық кеңсенің жұмысына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, салтанатты рәсімге Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Х.Көшқалиев, Полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М.Базарқұлов, ІІО-ның ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

Халықтық кеңсенің ашылу рәсімінде ішкі істер органдарында көп жылдар еңбек еткен ардагер, заң ғылымдарының ардагері М.Қоғамов "Полицияның ашықтығы мен қолжетімділігі тұрғындар үшін тиімді бастама" деп өзінің пайымду пікірін білдірді.

Салтанатты жиын барысында полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков "Бүгінде Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты 16 қала/ауданда тұрғындар үшін заманауи үлгідегі халықтық - кеңселер ашылғанын, халыққа ыңғайлы кеңселерде осы уақытқа дейін мыңнан аса азаматтарға көмек көрсетілгенін" - атап өтті.

Аталған фронт-офисте жеке құрам және тергеу, әкімшілік полиция құрылымы, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары тұрғындарды қабылдайды.

Яғни, әрбір арыз-шағым кезексіз осы жерде қаралып, тиісті мамандарға жолданатын болады.

Айта кетейік, азаматтар аптаның дүйсенбі мен жұма күндері аралығында таңғы 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс жасайтын кеңсеге келіп, полиция қызметіне байланысты мәселелеріне құқықтық-кеңестер алады.

Іс-шараға қатысқан қонақтар полицейлердің халық игілі үшін атқарып жатқан ауқымды істеріне оң бағасын берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: