Алматыда тағы бір заманауи өрт сөндіру депосы ашылды
Ауданы 2,5 мың шаршы метрден асатын жаңа өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Құрылыс салушылардан кепілдік бар, дейді Алматы қаласының ТЖ бойынша департаменті. Айта кетейік, 4 шығуға арналған жаңа өрт сөндіру депосы ТЖ-ға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл қала халқының қорғалуын арттырады.
"Жалпы халық саны 45 мыңнан астам адам және 146 шаруашылық субъектісі бар "Қазақфильм", "Нұр-Алатау", "Нұрлытау", "Бағанашыл", "Ерменсай", "Мирас" және "Аққайың" шағын аудандары тұрғындарының өрттен қорғалуын қамтамасыз ететін болады".
ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев мұндағы штат саны шамамен 70 адам екенін атап көрсетті.
"Жаңа депода жеке құрамды орналастыруға және күнделікті қызметті қамтамасыз етуге арналған үй-жайлар, сондай-ақ жаттығуға арналған спорт залы қарастырылған. Өрт сөндіру бөлімінде 6 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, ол ауданның тау бөктеріндегі жер және тар жолдар сияқты талаптарын ескере отырып таңдалады, бұл - 5 тоннадан тұратын төрт өрт сөндіру автоцистернасы және "Тойота Хайлюкс", "Газ Валдай" жедел әрекет ететін екі автомобиль".
Кәсіби дайындықты ұйымдастыру мақсатында оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілері бар 100 метрлік жолақ та бар. Соңғы қабаттарда гарнизон қызметкерлері үшін 3 пәтер көзделген.
Бүгінгі таңда қаланың өрттен қорғалуын 20 өрт сөндіру бөлімшесі қамтамасыз етеді. Өрт қауіпсіздігін нығайту және туындаған ТЖ-ға уақтылы ден қою мақсатында толық қамтылу үшін тағы 15 өрт депосы салуынуы қажет.