Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы ашылады
Алматы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қараша күнгі мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айында аяқталады.
Депо тәулік бойы 4 ауысымда жұмыс істейді, әр ауысымда 23 адам. Іске қосылғаннан кейін құтқарушылардың өрт орнына жету уақыты қысқарады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Депода 4 автомобильге арналған тұрақ, бқдан бөлек 2 көлік құралына арналған резервтік тұрақ ұйымдастырылған. Автокөлікке техникалық қызмет көрсететін арнайы бекет бар.
Алматыда барлығы 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар, қазір тағы 3 жаңа депоны жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматыда жолаушылар тасымалына 30 жаңа автобус берілді. Жеке тасымалдаушы "Мадина" ЖШС сыйымдылығы үлкен Yutong маркалы газбен жүретін бірнеше жаңа автобус сатып алды.