Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев пен Аргентинаның Росарио қаласының мэрі ортақ меморандумға қол қойды

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 21:46 Алматы ТВ
Бұл ынтымақтастық Қазақстан-Аргентина қарым-қатынасының дамуына оң әсерін тигізбек.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Almaty Investment Forum 2019 қарсаңында ірі халықаралық қаржы және инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Екі жақты кездесуде Түркияның экс-вице-премьері Мехмет Шимшекпен шаһардың жаңа экономикасын қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, отырыста Crimson Logic компаниясының вице-президенті Йонг Ви Танмен Алматы үшін пайдасы бар Сингапур компанияларының мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды.

Катар сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші вице-президенті Мохаммед Бин Тауар Аль-Кавари басқаратын өкілетті делегациямен екіжақты іскерлік қатынасты кеңейту мәселелері талқыланып, бүгін ынтымақтастық туралы, соның ішінде Алматы компанияларымен біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумдарға қол қойылуы жоспарланған.

Бақытжан Сағынтаев Аргентинаның Росарио қаласының мэрі Моника Фейнмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сауда-экономикалық, ғылым-білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстар нығаяды деп болжануда. Бұл бауырластық Қазақстан-Аргентина қарым-қатынасының дамуына оң әсерін тигізбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: