Кім мықты? Супердизель Ford пен Tesla пикапы тартысып көрді
видеодан кадр
Бұл жерде назар аударатын бірнеше тұс бар.
Илон Маск көрсеткен бұл видео Ford-тың топ-менеджерлеріне онша ұнамай отыр.
Илон Маск Tesla Cybertruck пен Ford F-150 көліктері арасында "арқан тартысу" өткізіпті. Электромобиль оп-оңай жеңіп кетті.
Бірақ, бұл жерде назар аударатын бірнеше тұс бар, деп жазады kolesa.kz.
Ең бастысы, пикап тек артқы жетекті. Оның қозғалтқышы да қарапайым, 325 аттың күшін беретін V6 мотор тұр.
Осы жайттарға назар аударған Ford X бөлімшесінің жетекшісі Сандип Мадра әділ жағдайда тартысу үшін Масктан реванш сұрағаны сол-ақ екен, Tesla-ның басшысы бірден келісті.
Енді реванш қашан өтетіні белгісіз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript