Алматылықтар 2023 жылы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі
![rticulos-files.s3.amazonaws.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 18:30](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-a8a029d3-50cb-4c04-b8fc-421e0925fa4e/800x452.webp)
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың өмір сүру сапасын арттырудағы бірінші кезектегі мәселе ретінде қалалық инфрақұрылымды модернизациялауды қолға алды, деп хабарлайды zakon.kz.
ОКҚ-тегі брифингте Алматы әкімі Б. Сағынтаев оңтүстік астананың 23 ықшамаудандарындағы 105 мың тұрғынның 2023 жылы ауыз сумен 100% қамтамасыз етілетінін айтты. Бүгінде су құбылары мен кәріз желілерін тарту жұмыстары басталды.
Көше жарығы – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей және жанама ықпал ететін факторлардың бірі.
"Біз қала бюджетін бұрын еш жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға бағыттадық. Қазіргі кезде осындай 208 көшенің сыртқы жарығының құрылысы аяқталды", - деді Бакытжан Сағынтаев және келер жылы 1176 көшенің жарығы реттелетінін атап өтті. Осылайша, сыртқы жарық деңгейі 100%-ға дейін жететін болады.
Айта кетерлігі, Алматының абаттандырылған аулаларының үлесі 55%. Жыл басынан бері 672 аулалар абаттандырылды. 2020 жылдан "Менің аулам" ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынады. Аулаларды толық абаттандыру таяудағы екі жыл ішінде аяқталады.