Шаңғышы Полторанин 4 жылға спорттан шеттетілді

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 23:00 inbusiness.kz
Қазақстандық шаңғышымен бірге эстониялық үш спортшы жазаланды.

FIS 32 жастағы қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинді, сонымен бірге эстониялықтар Карел Таммьярв, Андреас Веерпалу және Алго Керпті спорттан шеттеті. Бұл шаңғышылардың қан допингін қолданғаны дәлелденді, деп хабарлайды Eurosport.ru.

- Жағдайды жіті тексердік, – деді FIS бас хатшысы Сара Льюис.

Австриялық "допингқұмарлар" – Макс Хауке мен Доминик Балдауфтың мәселесін Австрияның допингке қарсы қызметі биыл жазда-ақ шешіп тастаған: олар да төрт жылға шеттетілді.

Допинг дауы Зеефельдтегі 2019 жылғы әлем чемпионатында туындаған, спортшыларға қан құятын жер сырт көзге шаштараз сияқты көрінетіндей болып жасалған.

Шаңғы жарысынан 2019/20 жылғы Әлем Кубогы 29 қарашада басталады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: