Шаңғышы Полтаранин 4 жылға спорттан шеттетілді

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 22:17 inbusiness.kz
Алексей Полторанинмен бірге үш эстон шаңғышысы спорттан уақытша шеттетілді.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы 32 жастағы Қазақстан спортшысы Алексей Полторанинді, сондай-ақ эстондықтар Карел Таммьярваны, Андреас Веерпалу мен Алго Керпті төрт жылға спорттан шеттетті. Оған қаннан допингі белгілерінің табылуы себеп, деп хабарлайды Eurosport.ru.

"Біз бұл жағдайды мұқият зерттедік", - деді FIS бас хатшысы Сара Льюис.

Австриялық Макс Хаук пен Доминик Балдауфтың допинг мәселесі, тіпті жазда шешіліп қойған, олар да төрт жылға спорттан шеттетілді.

Допинг жанжалы Зеефельд қаласында өткен 2019 жылғы Әлем біріншілігі кезінде бұрқ еткен, шаңғышыларға қан құйған ғимарат шаштараз түрінде жұмыс істеген.

2019/20 жылдардың шаңғы жарысы бойынша Әлем біріншілігі 29 қарашада басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: