Төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттан шеттетілді
Boxrec.com сайты бірден төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттан шеттетілгенін жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Атап айтқанда, Димаш Ниязов (13-1-3, 6 КО), Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО), Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО) және Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) бокспен уақытша қош айтысқан.
Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясының Тәжібайды жарысқа қатысу құқығынан айыру мерзімі бүгін аяқталады, осы комиссия Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеткен. Шәрібаев пен (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловқа (19 маусымға дейін) қатысты шешімді Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қабылдаған.
Санкцияға атақты боксшылар да ілінген: мысалы, Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО).
Шын мәнінде, бұл "шеттетулердің" ешқандай қаупі жоқ. Боксшыларға жақында өткізген жекпе-жектерінен кейін толығымен қалпына келу үшін медициналық сипатта шара қолданылған.