Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе қоқысқа батып барады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2019 18:26 видеодан кадр
Қаланың қоқысын қазір 2 компания шығарып отыр.

Қоқыстан көз ашпаған қала. Ақтөбе тағы тұрмыстық қалдықтарға батып жатыр. Өйткені, тазалыққа жауапты тағы бір мекеме жұмысын тоқтататын айтқан. Салдарынан шаһардың әр жеріндегі контейнерлердің аузы мұрнынан шығуда. Былтыр қоқыс проблемасын әрең шешкен атқамінерлер биыл қалай әрекет етпек?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қаланың ескі бөлігі мен тұрғын үй секторының қоқысын тазартқан "Таза қала - Ақтөбе" компаниясы екі айдан соң жұмысты доғарамыз депті. Қызметтен бас тартуға ниетті екендіктерінен әкімдіктегілерді де құлағдар еткен.

Қамбар Мұқашев, қала әкімдігі баспасөз қызметінің маманы:

"Бұған дейін "Таза қала -Ақтөбе" жеке компаниясы жұмыс істеген. Қаланың екі аймағында жұмыс істеп жүрді. Бірақ, өкінішке қарай, қаланың тұрғындарының көп шағымына байланысты, өзінің қаржылық қиындықтарына байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Оның орнына бұған дейін қызмет атқарған № 27 Басқарушы компаниясы ертеңнен бастап жұмысты бастамақ. Төмен тарифтің кесірінен көп компаниялар тұрақтамай жатыр".


Қаланың қай ауданына бармаңыз, тау болып үйіліп, шаһардың ұсқынын кетіріп тұрған қоқысты көресіз. Жыл он екі ай осындай көріністен әбден мезі болған тұрғындар айналдырған 2 қоқыс шығаратын компанияның жұмысын ретке келтіре алмаған шенділерді сынға алды.

- Ақшасын төлеп жатсыздар?
- Бір ай болды, жатыр солай.


Қала тұрғыны:

- Контролерлер үй-үйді аралап, кім төлемейді, тексерсін. Мен мысалы жалғыз өзім тұрам-уақытылы төлеймін. Ал менің жанымдағы 5 адам төлемейді. Адамда жауапкершілік болуы керек ғой! Сосын компаниялар да әртүрлі. Біреулері адал атқарады. Ал ана Некрасов көшесін көрсең- толған қоқыс. Қазір аяз тұрса, қатып қалады да, сосын мамырда еріп, сасиды.


Қаланың қоқысын қазір 2 компания шығарып отыр. Өзге аймақтармен салыстырғанда тарифтің ең төмені де Ақтөбеде. Содан болар, әкімдіктегілер де, тазалық мекемесіндегілер де тұрғындар қоқысқа қатысты проблеманы алға тартса болғаны, осыны ұмытпаңыздар деп еске сала кетеді.

Ақтөбенің атқарушы билігінің тазалық мекемелерінің жұмысын ретке келтіре алмай отырғаны бірінші рет емес. Қоқыс шығаратын компаниялар бұған дейін де бірнеше рет өзгерген. Бар кілтипан тарифтің төмендігінен дегеннен кейін, енді әкімдіктегілер бағаны қайта қарамақшы. Ал қазіргі баға - жан басына шаққанда -104 теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: