Жаңалықтар тізбегі
0

"Еңбек сіңірген мұғалім" атағын алатындарға 2,5 миллион теңге төленеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 21:35 zakon.kz
Мұғалімдерге республикалық олимпиадалар мен басқа да ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын дайындағаны үшін үш айлық көлемінде бір реттік төлемдер төленеді.

Осындай тиісті нормалар ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар бекіткен және Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен мақұлданған "Мұғалімнің мәртебесі туралы" заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов атап өткендей, заң жобасы педагогикалық қызметтің шұғыл және әлеуметтік, кәсіби мәселелерін шешуге, мұғалімдерге түсетін ауыртпалықты азайтуға, оларды көптеген тексеру мен әдеттен тыс функциялардан қорғауға, жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандыру шараларын белгілеуге, сондай-ақ жастарды осы мамандыққа тартуға бағытталған.

- Депутаттар енгізген түзетулерге тоқтала кеткім келеді. Онда 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беру ұйымдарының оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа дейін төмендету үшін норма бекітілген. Мұғалімдердің педагогикалық этиканы бұзуы, бұрынғыдай әкімшілік емес, Еңбек кодексінде қарастырылған тәртіптік жауапкершілік бойынша жазаланады, - деді ол.

Сонымен қатар, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізімге сәйкес студенттер мен оқушылар арасындағы халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындайтын мұғалімге тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының бюджеті есебінен үш айлық мөлшерде біржолғы төлем төленетін норма енгізілген.

- "Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі" құрметті атағына ие болған мұғалімге 1000 АЕК (бұл 2 миллион 525 мың теңге) мөлшерінде бір реттік сыйақы белгіленді. Магистр дәрежесі үшін 10 еселік АЕК мөлшерінде, сонымен қатар дене тәрбиесі және спорт саласындағы әскери оқу орындарының оқытушылары үшін қосымша төлем белгіленген. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдерге жеке баспана үшін жер учаскелерін беру үшін кепілдеме жасалуда. Мұғалімнің мамандыққа құрметпен қарауына және студенттер мен олардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің тәртібі мен құқығы заңда нақтыланған, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: